Өскеменде 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен қыздар арасында ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының жекелей-командалық чемпионатының салтанатты ашылуы өтті. Дүбірлі додаға елдің барлық облыстарынан, Алматы және Шымкент қалаларынан 250 спортшы қатысуда.
«Бүгін біз еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған ең мықты жас спортшыларды қабылдап жатырмыз. Бұл — Шығыс Қазақстан үшін үлкен мәртебе әрі жауапкершілік. Көптеген қатысушы үшін бұл жарыс үлкен жеңістерге апарар жолдағы маңызды кезең болмақ. Бүгін олар республика деңгейінде өнер көрсетсе, ертең Қазақстанның намысын халықаралық аренада қорғауы мүмкін, — деді ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов.
Сондай-ақ мұндай жарыстардың бұқаралық спортты дамыту мен салауатты өмір салтын қалыптастырудағы маңызын ерекше атап өтті.
Облыста спортты дамыту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде: 1628-ден астам спорт нысаны жұмыс істейді, 300 мыңнан астам шығысқазақстандық дене шынықтырумен тұрақты түрде шұғылданады, инфрақұрылым қарқынды дамып келеді. Қазіргі таңда волейбол орталығы мен дене шынықтыру-сауықтыру кешендері салынуда. Жабық футбол манежі мен басқа да заманауи нысандарды салу жоспарда бар.
Сонымен қатар аймақта 16 жаттықтырушының жетекшілігімен 400-ге жуық спортшы ауыр атлетикамен айналысады. Рио-де-Жанейро Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Уланов — өңір мақтанышы.
Салтанатты шара барысында Ауыр атлетика федерациясының президенті Гаджи Гаджиев те сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі.
Жарыс 26 сәуірге дейін Серікбаев көшесі, 37/2 мекенжайы бойынша орналасқан спорт кешенінде өтеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1204846?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау