WorldSkills Pavlodar–2026: сапа мен әділдік басты назарда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

WorldSkillsPavlodar-2026 өңірлік чемпионаты аясында «Talap» КЕАҚ бас менеджері Арнұр Жұматаев жұмыс сапарымен келді. Сапардың мақсаты — чемпионаттың барысымен және қатысушылардың дайындық деңгейімен танысу.

Алаңдарды аралау барысында Арнұр Жұматаев конкурстық тапсырмалар мен бағалау жүйесін егжей-тегжейлі зерделеді. WorldSkills стандарттарының сақталуына және барлық қатысушылар үшін тең жағдай жасалуына ерекше назар аударылды.

«Talap» КЕАҚ өкілі ашық диалог форматында байқауға қатысушылармен және сарапшылармен тілдесіп, кәсіптік білім берудің өзекті мәселелері мен кадрларды даярлау әдістемелерін талқылады.

Сапар қорытындысы бойынша Арнұр Жұматаев өңірдегі WorldSkills қозғалысының даму деңгейі мен ұйымдастыру жұмыстарына жоғары баға беріп, материалдық-техникалық базаның сапалы өсуін және сарапшылар қауымдастығының кәсібилігін атап өтті.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-edu/press/news/details/1205651?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version