«ЗЕНИТ Зауыт» АҚ тарапынан кеме тасымалдау жұмыстарына байланысты хабарландыру

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 15 сәуір мен 17 сәуір аралығында күн сайын сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін барлық көлік түрлері үшін қала орталығына қарай бағытталған қозғалыс жолағы уақытша жабылатынын хабарлаймыз.

Қозғалыс шектеуі «Динамо» спорт базасынан Жәңгір хан көшесі бойымен Исатай-Махамбет көшесіне дейін, сондай-ақ Исатай-Махамбет көшесімен Жәңгір хан көшесінен «ЗЕНИТ Зауыт» АҚ-ның кіреберіс қақпасына дейін (ХҚКО ауданы) енгізіледі.

Сонымен қатар, 2026 жылғы 18 сәуір күні сағат 06:00-ден 11:00-ге дейін аталған бағыт бойынша жол қозғалысы уақытша шектелетінін қосымша хабарлаймыз.

Маршрутты алдын ала жоспарлауыңызды, уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауыңызды және уақытша орнатылған жол белгілерінің талаптарын сақтауыңызды сұраймыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/uralsk/press/news/details/1205068?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version