Жамбыл облыстық мәслихатының 2026 жылғы 13 сәуірдегі №27-ө өкіміне сәйкес құрылған уақытша комиссия 20–21 сәуір күндері Т.Рысқұлов және Шу аудандарында жұмыс сапарымен болды.
Сапар барысында халық қалаулары мен басқарма мамандарынан құралған комиссия мүшелері ветеринария саласында жүргізіліп жатқан профилактикалық іс-шаралардың жүзеге асу барысымен жан-жақты танысты.
Комиссия жұмысы 2026 жылдың II-тоқсанында өтетін мәслихаттың кезекті сессиясында қаралатын «Облыста ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жағдайы және жануарлар арасында инфекциялық және инвазиялық аурулардың таралуының алдын алу жөнінде атқарылып жатқан жұмыстар туралы» мәселе аясында ұйымдастырылды. Осы бағытта аудандарда зерделеу жүргізіліп, сессияға ұсынылатын тиісті материалдар әзірленді.
Іссапар барысында комиссия мүшелері ветеринариялық нысандарды аралап, саладағы өзекті мәселелерге ерекше назар аударды. Атап айтқанда, профилактикалық іс-шаралардың тиімділігі, жануарлар ауруларының алдын алу, ветеринариялық инфрақұрылымның жай-күйі және кадрлық қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, жергілікті жерлердегі проблемалық түйткілдер сараланып, оларды шешу жолдары бойынша нақты ұсыныстар жинақталды. Жиналған материалдар алдағы комиссия отырысында қаралып, тиісті шешімдер қабылдау үшін ұсынылатын болады.
Айта кету керек, уақытша комиссия алдағы кезеңде облыстың өзге де аудандарында осындай зерделеу жұмыстарын жалғастырып, ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті арттыруға бағытталған ұсыныстар әзірлеуді жоспарлап отыр.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-veterinaria/press/news/details/1205213?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау