Жаңалық

Жарияланды:

Автор:

категорияда
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БАЛУАНДАРЫ САМБОДАН ӘЛЕМ КУБОГЫНДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ
Арменияның елінің астанасы Ереван қаласында 10-13 сәуір аралығында самбо күресінен ересектер арасында Әлем Кубогы өтті. Дүбірлі додаға 21 мемлекеттен келген мықты спортшылар қатысып, жоғары деңгейдегі бәсеке өрбіді.
Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте үздік нәтиже көрсетіп, екінші орынды иеленді. Аталған халықаралық додада Түркістан облысының спортшылары да ел намысын абыроймен қорғап, жүлделі орындардан көрінді. Атап айтқанда, 50 келіде Шолпан Алтынбек, 65 келіде Меруерт Нұрмаханова, 80 келіде Ұлбосын Әділова және +80 келі салмақта Нұрила Асанқызы қола жүлдеге ие болды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1205020?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version