Жасөспірімдер қылмысының алдын алу: Алматыда жалпы қалалық ата-аналар жиналысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     Алматыда кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және ата-аналардың жауапкершілігін арттыру мәселелеріне арналған жалпы қалалық ата-аналар жиналысы өтті.

     Іс-шараға полиция өкілдері, білім беру саласының мамандары және ата-аналар қауымдастығы қатысты.

     Кездесудің негізгі тақырыбы – ата-ананың жауапкершілігі, балалар қауіпсіздігі болды.

     Алматы қаласы полиция департаментінің бастығы Айдын Кабдулдинов балалардың қауіпсіздігі ең алдымен отбасынан басталатынын атап өтті.

– Біз тек профилактика туралы айтып отырған жоқпыз. Бұл – балаларымыздың болашағы туралы әңгіме. Ешбір мектеп, ешбір мемлекеттік орган ата-ананың назарын алмастыра алмайды. Балаға заңға құрмет, жауапкершілік пен дұрыс құндылықтар ең алдымен отбасында беріледі, – деді ол.

     Жиналыс барысында жасөспірімдер қылмысы, киберқауіпсіздік және жол қауіпсіздігі мәселелеріне ерекше назар аударылды.

     Қазіргі таңда балаларға цифрлық орта, әлеуметтік желілер және түрлі ақпарат көздері, соның ішінде қауіп тудыратын контенттің әсері жоғары екені айтылды. Осыған байланысты ата-ана тарапынан бақылауды күшейту, сондай-ақ отбасы, мектеп және құқық қорғау органдары арасындағы өзара іс-қимылды арттыру қажеттігі атап өтілді.

     Сонымен қатар кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың едәуір бөлігі ересектер тарапынан бақылаудың жеткіліксіздігінен, интернет-алаяқтық схемаларға тартылудан және самокаттар мен мопедтерді пайдалану кезінде жол қозғалысы ережелерін сақтамаудан туындайтыны айтылды.

– Полиция түсіндіруге, көмектесуге және алдын алуға дайын. Алайда балалардың қауіпсіздігі ең алдымен ата-ананың жауапкершілігіне байланысты. Тек бірлескен күш-жігер арқылы ғана қауіпсіз орта қалыптастыра аламыз, – деп атап өтті Айдын Кабдулдинов.

     Жиын аясында ата-аналар, мектептер және полиция арасындағы тұрақты диалогтың маңызын, сондай-ақ балалардың қауіпсіздігіне қатысты кез келген қауіп-қатерге дер кезінде әрекет ету қажеттігі талқыланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1205321?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version