Жұмыс беруші мен ЖОО түлегі арасында тікелей диалог өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жұмыс беруші мен ЖОО түлегі арасында тікелей диалог өтті

 

2026 жылдың 17 сәуірде С. Асфендияров атында5ы Ұлттық медицина университетінің түлектеріне арналған жыл сайынғы бос орындар жәрмеңкесі өтті.

Оның барысында болашақ жас мамандар Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілдерімен жеке сөйлесіп, еңбек жағдайлары, жалақы және мемлекеттік қызметтің болашағы туралы тікелей сұрақтар қоя алды.

Тікелей диалог нәтижесінде шілде айында диплом алатын түлектер Талғар, Қарасай аудандық басқармалары мен Қонаев қалалық басқармасына мемлекеттік қызметке кіруге қызығушылық танытты.

Барлық болашақ мамандарға одан әрі ынтымақтастық үшін Алматы облысының СЭБД-ің кадр қызметінің тікелей байланыстары берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-almaty-obl/press/news/details/1204953?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version