2026 жылғы 18 сәуір күні «NOEXTREMISM, NOTERRORISM» жобасы аясында ауқымды жастар флешмобы ұйымдастырылды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 18 сәуір күні «NOEXTREMISM, NOTERRORISM» жобасы аясында ауқымды жастар флешмобы ұйымдастырылды.
Іс-шара Ордабасы – Оқжетпес матчы барысында Қажымұқан атындағы стадионда өтті. Көрермен саны 16 547-ден астам адамды құрады.
Флешмобтың негізгі мақсаты – жастар арасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру, теріс діни ағымдардың зардаптарын түсіндіру және жастардың діни иммунитетін күшейту.
Іс-шараға 1000-нан астам жас қатысып, қоғамдық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қолдайтын ортақ азаматтық позициясын көрсетті. Қатысушылар арнайы дайындалған бірегей формада (футболка, бейсболка) бірлесе әрекет етіп, көрермендерге әсерлі визуалды көрініс ұсынды.
Флешмоб екі кезеңде өтті. Алғашқы кезеңде стадион сыртында жастар үлкен көлемді баннерді алып жүріп, көрермендерге ақпараттық брошюралар таратты. Бұл кезеңде 4000 дана ақпараттық материал халыққа жеткізілді.
Екінші кезеңде қатысушылар стадион ішіндегі арнайы секторға орналастырылып, синхронды түрде 10×12 метрлік баннерді жоғарыдан төмен қарай ашып, «NOEXTREMISM, NOTERRORISM» үндеуін көпшілікке паш етті. Сонымен қатар, стадион ішінде қосымша 4700 брошюра таратылып, жалпы 8700 адам ақпаратпен қамтылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-din/press/news/details/1205813?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version