2026 жылы 22 сәуірде депутат Б.Қ. Ыбырайдың төрағалық етуімен құқықтық тәртіп пен аграрлық мәселелер, шағын және орта бизнесті, өндірісті дамыту, бюджет пен жоспарлау, ауданның әлеуметтік -экономикалық даму мәселелері бойынша аудандық мәслихатының тұрақты комиссиясының кезекті отырысы болып өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Отырыста депутаттар Меңдіқара ауданы әкімінің орынбасары Н.О. Бажировтың «2025 жыл бойынша Меңдіқара ауданы бюджетінің орындалуы туралы» сұрағы және Меңдіқара ауданының қаржы бөлімі басшысының м.а.                                               А.К. Ахметбекованың «2025 жыл бойынша Меңдіқара ауданы ауылдарының, ауылдық округтерінің бюджетінің орындалуы туралы» есептері тыңдады.

Депутаттар белгіледі, аудан бюджетінің кіріс бөлігі 2025 жыл бойынша 102,8% пайызға орындалған, жоспарда 7 913 100,0 мың теңге, түсімдер 8 133 000,0 мың теңгені (артық орындау 219,9 миллион теңге).

Жергілікті бюджетке кірістердің түсімдерінің жоспары салықтық, салықтық емес және негізгі капиталды сатудан түсімдер 106,8 % орындалған, жоспарда 1 миллиард 859,1 миллион. теңге, нақты түрде                                        1 миллиард  984,7 миллион. теңге түсті, бұл 125,6 миллион теңгеге жоспарланған деңгейден көп. (аса артық орындау, сонымен қатар: 101111 заңды тұлғалардан корпоративтік табыс салығы 55,5 миллион немесе 127,1%; 101201 кірістерден жтс 42,3 миллион немесе 105,1%; 103101 әлеуметтік салық – 19,8 миллион. теңге немесе 103,3 %).

ЖӨБ бюджеттерінің кіріс бөлігі  2025 жыл бойынша 103,4% орындалған, жоспарда 1 миллиард 357,6 миллион теңге, түсімдер                                1 миллиард 403,3 миллион теңгені құрады (артық орындау 45,7 миллион теңге сонымен қатар: Михайлов а/о 2,7 миллион теңге, Краснопреснен а/о 0,6 миллион теңге, Алешин  а/о 5,4 миллион  теңге, Ломоносов а/о 1,0 миллион теңге, Боровское ауылы 15,6 миллион теңге, Введен а/о 4,5 миллион теңге, Первомай а/о 9,0 миллион теңге, Теңіз ауылы 4,0 миллион теңге, Буденный а/о 0,7 миллион теңге, Соснов а/о 0,4 миллион теңге, Қарақоға а/о 1,8 мың теңге), сонымен қатар нысаналы ағымдағы трансферттер 778,0 млн. теңге және субвенциялар 200,5 миллион теңге, шығындарды өтемақылауға  17,9 миллион теңге..

ЖӨБ бюджетке кірістердің түсімдерінің жоспары салықтық, салықтық емес  және негізгі капиталды сатудан түсімдер 108,8 % орындалған, жоспарда 358,9 миллион тенге, нақты түрде 390,5 миллион теңге түсті, бұл 31,6 миллион теңгеге жоспарланған деңгейден көп.

Сонымен бірге комиссия аудандық бюджет, ауылдар мен ауданның ауылдық округтерінің бюджеті өмірлік белсенділіктің барлық аса маңызы саласын қамтыған және тиімді орындалған деп есептейді.

Қарастырылған сұрақтар бойынша комиссия сәйкес қаулылар қабылдады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-mendikara/press/news/details/1206300?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version