22.04.2026 жылы Кентау қаласында Жастар орталығының мәжіліс залында қала тұрғындарымен Жаңа Салық кодексінің нормаларын түсіндіру бойынша семинар болып өтті. Семинарға Кентау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы А. Тилепбаев, сондай-ақ Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінен Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының басшысы С. Шырынбекова, Өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы М. Көкенов және Камералдық бақылау басқармасының басшысы М. Алжанов қатысты. Іс-шара барысында Жаңа Салық кодексіне енгізілген негізгі өзгерістер мен толықтырулар, салық салу тәртібі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу рәсімдері, сондай-ақ өндірістік емес төлемдерге қатысты өзекті мәселелер кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауаптар беріліп, нақты практикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Семинар ашық форматта өтіп, еркін пікір алмасу ұйымдастырылды. Аталған іс-шара салық заңнамасындағы жаңашылдықтарды халыққа түсіндіру және салықтық мәдениетті арттыру мақсатында өткізілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-turkistan/press/news/details/1206302?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау