Абай ауданы аумағында санитарлық-тазалық пен абаттандыру бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жүзеге асырылуда. Осы жұмыстар аясында Қызылжар шағын ауданы, Тоқбайге көшесі бойында орналасқан гүлзар аумағында шөп ору және жасыл екпелерді ретке келтіру шаралары жүргізілді.
Аталған жұмыстардың басты мақсаты – тұрғындарға қолайлы, таза әрі көрікті қоғамдық кеңістік қалыптастыру. Сонымен қатар, жасыл аймақтардың күтіп-ұсталуы қамтамасыз етіліп, олардың санитарлық жағдайын жақсартуға ерекше назар аударылуда.
Аудан аумағында абаттандыру және тазалық жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыру алдағы уақытта да өзекті бағыттардың бірі болмақ.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-abai/press/news/details/1205674?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау