Абай облысында Ішкі істер органдарының ардагері мектеп мұражайына бес томдық «Қазақстан тарихы» кітабын сыйға тартты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Абай облысында «Заң мен тәртіп» іс-шаралары аясында ардагерлер ұйымдары мен прокуратура органдарының бастамасымен оқу орындарында құқықтық тәрбие және азаматтық жауапкершілік тақырыбында кездесулер өткізу дәстүрге айналған.

Осы бағыттағы маңызды кездесулердің бірі КММ «№23 ЖОББМ» мектебінде өтті. Ішкі істер органдарының ардагері полиция полковнигі Илья Хаджимұрат оқушылармен мазмұнды диалог орнатып, өз тәжірибесімен бөлісті. Кездесу барысында кәмелетке толмағандар арасындағы қарым-қатынас мәдениеті, өзара құрмет көрсету, сондай-ақ өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілік мәселелері жан-жақты қарастырылды.

Ардагер өз сөзінде:

“Құрметті оқушылар, біз әрқайсымыздың өмірімізде дұрыс және заңды таңдау жасағанымыз маңызды. Қоғамда өз орныңды табу, бір-біріңе құрмет көрсету және адалдық таныту – кез келген азаматтың басты қасиеттері. Менің сіздерге айтарым – өмірде әр қадамыңыз саналы әрі әділ болсын. Тарихымызды білу және оны құрметтеу арқылы ғана біз болашаққа нық қадам жасай аламыз,” – деп атап өтті.

Кездесу барысында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, адамгершілік құндылықтарды нығайту және патриоттық тәрбиені арттыру мәселелеріне ерекше мән берілді. Оқушылар белсенді түрде сұрақтар қойып, талқылауға қатысып, өз пікірлерін ашық білдірді.

Іс-шара соңында мектеп мұражайына бес томдық «Қазақстан тарихы» кітабы табысталды. Бұл кітаптар оқу орнының білімдік қорын толықтыруға, оқушылардың патриоттық сезімін оятуға және тарихи санасын дамытуға зор үлес қосты.

Кездесудің қорытындысы бойынша оқушылардың белсенділігі, тақырыпқа қызығушылығы және дәрістің практикалық мәні жоғары бағаланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1205902?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version