Әлеуметтік-мәдени даму және жастар ісі бойынша тұрақты комиссия отырысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда
    • 20 сәуір күні әкімдіктің әлеуметтік салаға жауапты бөлімдеренің 2025 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы есептері мәслихаттың әлеуметтік- мәдени даму және жастар ісі бойынша тұрақты комиссия отырысында қаралды.
      🔹Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2025 жылғы бюджеті 11,7 млрд.тг. құраған. Оның ішінде:
      – 8,6 мың отбасыға 1,3 млрд.тг. көлемінде атаулы әлеуметтік көмек,
      – 17,8 мың мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттары бойынша 1,8 млрд.тг. әлеуметтік көмек көрсетілді.
      – 87 аз қамтылған отбасыға 2 млн.тг. тұрғын үй жәрдемақысы төленді.
      Сондай-ақ мүгедектігі бар азаматтарды гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету және ымдау тілі мамандарының, жеке көмекшілердің қызмет көрсетуіне 5,8 млрд.тг. бағытталды.
      Инватакси қызметтеріне 716 млн.тг. жұмсалып 3316 адамға қызмет көрсетілді.
      Бұдан бөлек, қиын жағдайдағы адамдарды әлеуметтендіру орталығы, тұрмыстық зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығы, Әлеметтік көмек көрсету орталықтарының шығыстары өтелді.
      Сонымен қатар, отырыста Мәдениет және тілдерді дамыту, Спорт, Ішкі саясат бөлімдерінің есептері де тыңдалды.
      🔹Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі 2025 жылы 1,4 млрд.тг. қаржыландырылып, қаладағы 7 мәдениет үйі және кітапханалар (14 кітапхана) жұмыс жүргізуін бағытталды.
      Бұдан бөлек ономастикалық жұмыстарына көңіл бөлінді. Атап айтқанда, тұрғындардың пікірлерін ескере отырып, 2025 жылы 1 тұрғын үй алабының, атауы жоқ 56 көшенің және идеологиялық тұрғыдан ескірген, мән-мағынасы жоқ 39 көшенің атауы өзгертілді.
      Сонымен қатар ономастикалық жол картасы әзірленді.
      Депутаттар және Қоғамдық кеңес мүшелері әлеуметтік-экономикалық мақсаттарына тиімді қолжеткізуінің қажеттілігін ескере отырып, тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуге бағдарланған бюджетті әзірлеу және орындауына ұсынытарын көтерді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-aktobe/press/news/details/1206152?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version