Әуежай қызметкерлеріне қызылшаның алдын алу бойынша семинар өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астана қаласының санитариялық-карантиндік бақылау бөлімінің мамандары 2026 жылғы 16 сәуірде «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ жолаушылар тасымалы қызметінің қызметкерлерімен қызылшаның алдын алу тақырыбында семинар өткізді.
Семинар барысында аурудың белгілері, таралу жолдары және алдын алу шаралары түсіндірілді.
Қызылша — ауа-тамшылы жолмен таралатын өте жұқпалы вирустық инфекция. Ауру бөртпе пайда болуынан емес, суық тиюге ұқсас белгілерден басталатынын есте ұстаған жөн: дене қызуы 38–40 °C дейін көтеріледі, құрғақ жөтел, мұрыннан су ағу, қатты әлсіздік және тәбеттің төмендеуі байқалады.
Іс-шараның мақсаты — инфекцияның таралуының алдын алу және вакцинацияның маңыздылығы туралы ақпараттандыру деңгейін арттыру. Мамандар өзекті мәліметтермен бөлісіп, қорғану шараларын талқылады. Семинар соңында қатысушылар сұрақтар қойып, практикалық ұсыныстар алды. Сонымен қатар қызылшаның алдын алу бойынша жадынамалар таратылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1205447?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version