Алғалық оқушы — халықаралық байқау жеңімпазы!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астана қаласында математика және механика бойынша Өмірбек Жолдасбеков атындағы зерттеу жобаларының беделді халықаралық конкурсы өз мәресіне жетіп, әр елден жиналған дарынды оқушылардың басын қосты.
Ақтөбе облысының намысын алты оқушы абыроймен қорғап, жоғары дайындық деңгейін, ғылыми ойлау қабілетін және білімге деген құштарлығын көрсетті.
Солардың ішінде Алға қаласындағы №4 орта мектептің 11-сынып оқушысы Ақжігітов Нұртілек ерекше мақтанышқа ие. Оның зерттеу жұмысы қазылар алқасының жоғары бағасына ие болып, сенімді қорғауының нәтижесінде жүлделі І орынға қол жеткізді.
Бұл жеңіс — табандылық пен тынымсыз еңбектің, биік мақсатқа ұмтылыстың нәтижесі. Сонымен қатар, өңір жастарының халықаралық деңгейде зор жетістіктерге жете алатынын дәлелдейтін жарқын көрсеткіш.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-bilim/press/news/details/1205363?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version