АСТАНАДА ӨҢІРЛІК ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САММИТ БАСТАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астана қаласында Орталық Азия елдері мен халықаралық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен «Өңірлік экологиялық саммит – 2026» өз жұмысын бастады. Саммиттің пленарлық отырысы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтті. 

Жиынға Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан мемлекеттерінің басшылары, сондай-ақ Армения, Моңғолия, Грузия президенттері, Әзербайжан Премьер-министрі және халықаралық ұйымдар басшылары қатысты.

Іс-шараға экологиялық мәселелері өзекті өңірлерден мәслихат төрағалары шақырылды. Абай облысы мәслихатының төрағасы Шалқар Байбеков пленарлық отырыс жұмысына қатысты. 

Күн тәртібінде климаттың өзгеруі, су және жер ресурстарын тиімді пайдалану, азық-түлік қауіпсіздігі, табиғатты қалпына келтіру және биоалуантүрлілікті сақтау мәселелері қаралды. Сонымен қатар жасыл экономика, инфрақұрылымды дамыту, инвестиция тарту және өңірлік ынтымақтастық бағыттары талқыланды.

Саммит аясында Аралды құтқару халықаралық қорына мүше мемлекеттер басшылары кеңесі отырысы өтіп, Арал бассейніндегі су ресурстары мен экологиялық жағдайға қатысты мәселелер қаралды.

Бұл бастама Қазақстан Президентінің ұсынысымен 2023 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясында көтерілген. Қазіргі уақытта саммиттің мазмұны кеңейіп, экология мен климаттың негізгі бағыттарын қамтиды.

Саммит жұмысы 24 сәуірге дейін жалғасады. Іс-шара өңірлік деңгейде өзара іс-қимылды күшейтуге және ортақ экологиялық мәселелерді талқылауға бағытталған.

 

АБАЙ ОБЛЫСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-abay/press/news/details/1206349?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version