Атыраулық балық өсірушілер астрахандық әріптестерінің тәжірибесін енгізуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Атырау облысында аквакультура саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Өңірдің балық өсірушілері Ресей Федерациясының Астрахан облысындағы әріптестерінің озық тәжірибесін тиімді пайдаланып, оң нәтижелерге қол жеткізуде.

Аталған ынтымақтастық Атырау және Астрахан облыстары арасында 2025 жылғы сәуір айында қол қойылған 2025-2027 жылдарға арналған өзара іс-қимыл жоспары аясында жүзеге асырылуда.

Махамбет ауданында орналасқан «ИП Жумагалиева Н.М.» шаруа қожалығы балық шаруашылығын белсенді дамытуда.

2025 жылы шаруашылық басшысы Әділбек Нұрышев Астрахан облысының Қамызяк ауданындағы «Чаганский» балық питомнигінен тұқы, ақ амур және дөңмаңдай балықтарының шабақтарын сатып алды.

Қазіргі таңда шаруашылықта жалпы аумағы 6 гектарды құрайтын екі тоған іске қосылды. Өсірілген шабақтардың орташа салмағы 70 грамға жетті. Жылдық өндіріс көлемін 100 тоннаға дейін жеткізу жоспарлануда.

Сонымен қатар, бекіре тұқымдас балықтарды өсіруге арналған тұйық су айналымы қондырғысы (УЗВ) іске қосылды.

Алдағы уақытта атыраулық балық өсірушілер бекіре тұқымдас балықтардың шабақтарын сатып алу мақсатында әріптестік байланыстарды кеңейтуді жоспарлап отыр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-astrakhan/press/news/details/1206111?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version