48 жастағы науқас 2026 жылдың 15 сәуірінде қалалық №1 клиникалық ауруханаға ауыр жағдайда жеткізілді. Оған «Трахеяның төменгі бөлігінің II дәрежелі стенозы» диагнозы қойылды. Бұл тыныс алу жолының едәуір тарылып, науқастың тыныс алуын қиындатқанын көрсетеді.
Науқасқа 16 сәуірде мамандар шұғыл ота жасап, трахеяға арнайы стент орнатты. Құрылғы тыныс алу жолын кеңейтіп, қайта тарылудың алдын алады.
Операция сәтті өтіп, науқастың жағдайы жақсарды, тыныс алуы қалпына келді. Бірнеше күн бақылаудан соң жағдайы тұрақталып, үйіне шығарылып отыр.
Бұл жағдай дәрігерлердің кәсіби шеберлігі мен заманауи медициналық технологиялардың тиімділігін көрсетеді. Қалалық №1 клиникалық аурухана ұжымы күрделі диагнозы бар науқастарға сапалы медициналық көмек көрсетуді жалғастыруда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/1206523?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау