Бостандық аудандық әкімдігінде тұрғындарды апта сайынғы қабылдау өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылдың 21 сәуірінде Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі А. Қалдыбеков азаматтарды кезекті қабылдау өткізді. Кездесу барысында аудан тұрғындары абаттандыру, аула аумақтарын жөндеу, санитарлық жағдай, қауіпсіздік және әлеуметтік қолдау мәселелерін тікелей көтеріп, өз ұсыныстарын білдірді.

Қабылдау қорытындысы бойынша аудан әкімі жауапты бөлімдерге қабылданған шешімдердің белгіленген мерзімде орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды. Абаттандыру, қауіпсіздік, санитарлық жағдай және әлеуметтік қолдау мәселелері әкімдік бақылауында қала береді.

Бостандық ауданы әкімдігі тұрғындармен тұрақты кездесулер өткізу тәжірибесін жалғастырып, кері байланысты нығайту, азаматтардың өтініштеріне жедел әрекет ету және қалалық ортаны жүйелі түрде дамыту бағытындағы жұмыстарды тұрақты негізде жүргізетін болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-bostandyk/press/news/details/1205906?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version