Целиноград ауданында «Саналы ұрпақ – тәртіптен басталады!» тақырыбында жастармен профилактикалық кездесу өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға деген құрметті қалыптастыру және құқықбұзушылықтардың алдын алу.
Кездесу барысында қатысушыларға заңнаманы сақтау, қоғамдық тәртіп, жеке жауапкершілік, жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығы, сондай-ақ 28.04.2023 жылғы №12 Конституциялық Соттың нормативтік қаулысының талаптары жеткізілді, онда әкімшілік айыппұлдарды қысқартылған тәртіппен қолдану және төлеу тәртібі түсіндірілген.
Іс-шара ашық диалог форматында өтті, қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
Қонақ ретінде теолог, имам Нұрлан Байжігітұлы және «Esbol Qory» қорының жетекшісі Жандос Ақтаев қатысып, жастармен өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, заңды сақтау, тәртіп пен рухани-адамгершілік құндылықтардың маңыздылығын атап өтті.
Мұндай іс-шараларды өткізу жастардың құқықтық санасын қалыптастыруға, тәртіпті нығайтуға және құқықбұзушылықтардың алдын алуға ықпал ететіні атап өтілді. Бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасатын болады.
Ақмола облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1205588?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау