ЧЕРНОБЫЛЬ АПАТЫНА – 40 ЖЫЛ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аудандық мәдениет үйінде Чернобыль техногендік апатының зардабын жоюға қатысқан  ардагерлерді еске алу және құрмет көрсету мақсатында кездесу кеші өтті.

Аталмыш шара ашылуында кітап көрмесі таныстырылып, теректілік ардагерлер жайында мәлімет айтылды. Сонымен қатар айтулы оқиғаның тарихы туралы бейнеролик көрсетіліп, деректер жеткізілді.

Іс-шарада аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова, аудандық мәслихат төрағасы Әлжан Нұрғалиев пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұса Қазиев бой көрсетті.

Аудан әкімі Әлия Биғазықызы сөз сөйлеп, тарихи оқиғаға қатысқан ардагерлердің ерлігін атап өтіп, алғыс хатпен марапаттап, құрмет көрсетті.

Биыл 26 сәуірде Чернобыль атом электр стансасындағы дүлей апатқа 40  жыл толады. Ресми деректерге сүйенсек, осы апат зардабын жоюға КСРО бойынша 600 мыңнан астам, ал Қазақстаннан 32 мыңдай адам қатысқан. Олардың қатарында БҚО-дан 3 мыңға жуық адам болған. Қазір ауданымызда 16 азамат өмір сүруде. 

Отырыс барысында қаза болған азаматтарды еске алып, 1 минут үнсіздік жарияланды. Қатысушылар апаттың зардабы туралы шағын естеліктерімен бөлісті. Басқосу соңында ардагерлерге ән тарту етіліп, естелікке суретке түсті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-terekty/press/news/details/1206083?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version