Экология министрі Е.Н. Нысанбаев ЭЫДҰ Бас хатшысының орынбасары Ф. Лапекорелламен кездесті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 21 сәуірде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі Е.Н. Нысанбаев Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) Бас хатшысының орынбасары Ф. Лапекорелла ханыммен кездесті.

Кездесу барысында тараптар климаттық саясат, тұрақты даму және халықаралық стандарттарды енгізу саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу, Азиядағы тұрақты Инфрақұрылым бағдарламасын (SIPA) іске асыру, Nexus тәсілін дамыту, сондай-ақ маңызды минералдарды басқару мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ, Қазақстанның көміртегі шығарындыларын жұмсарту жөніндегі инклюзивті форумға (IFCMA) қатысуы және парниктік газдар шығарындыларының сауда жүйесін қолдану қарастырылды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты одан әрі дамытуға қызығушылық танытты.  

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1205508?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version