Еуропалық иммундау апталығы аясында 2026 жылғы 20 сәуірде Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы мамандары Мойынты станциясының көлік қызметкерлері арасында семинар өткізді.
Семинар барысында әр адамның жұқпалы аурулардан қорғану құқығына қатысты мәселелер түсіндірілді. Жұқпалы аурулардың алдын алудың ең тиімді тәсілі ретінде иммундаудың артықшылықтарына ерекше назар аударылды. Вакцинация арқылы адам өзін ғана емес, айналасындағы адамдарды да қорғап, ұжымдық иммунитеттің қалыптасуына ықпал ететіні атап өтілді. Сонымен қатар қызылшаның алдын алу және оны уақтылы анықтау мәселелері талқыланды. Қатысушыларға алдын алу шаралары, ауру белгілері және инфекцияның алғашқы белгілері байқалған жағдайда дәрігерге жүгіну қажеттігі туралы ұсыныстар берілді. Семинар соңында қатысушыларға жадынамалар, лифлеттер мен буклеттер таратылып, қойылған барлық сұрақтарға толық жауаптар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1205458?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау