Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының

2024 жылғы  14 наурыздағы № 16-4«Солтүстік

Қазақстан облысыҒабит Мүсірепов атындағы

ауданында тұрғын үй көмегінкөрсетудің мөлшері

мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне

өзгерістер енгізу туралы

 

 

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданымәслихатының 2024 жылғы 14 наурыздағы № 16-4 «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7718-15 болып тіркелген) келесі өзгерістеренгізілсін:

аталған шешімнің 1-қосымшасында:

1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:  

 «1.Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжайы ретінде меншік құқығындағы тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

ағымдағы және жинақтау жарналарын;

коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының  өсуі бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға;

         мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

         Көрсетілетін қызметті алушылар тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады.»;

4-1 тармақтың 8) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:  

8) ағымдағы жарналар бір шаршы метр үшін жүз теңгеден аспайды;

«Тұрғын үй қатынастары туралы»  Қазақстан Республикасы Заңының 34-1-бабының 3-тармағына сәйкес жинақтау жарналары».».

  1. «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы шешімнің «Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/social-musrepov/press/news/details/1206244?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version