Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) өз құзыреті шегінде халықты әлеуметтік қорғау саласында жүзеге асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық бөлімшесі болып табылады.
Департаменттің негізгі міндеттерінің бірі әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету болып табылады:
– жүзеге асыру функциялары – өз құзыреті шегінде зейнетақымен қамсыздандыру және әлеуметтік қамсыздандыру (республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау туралы шешімдер қабылдау), мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласында, медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру;
– бақылау функциялары – Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес өз құзыреті шегінде зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру, міндетті әлеуметтік сақтандыру, медициналық-әлеуметтік сараптама, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша заңнаманың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру.
Мәселен, 2026 жылдың I тоқсанында 18 мемлекеттік қызмет түрі бойынша 35144 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде 23781 қызмет алушыға жаңадан тағайындау жүргізілді (барлық мемлекет қызмет электрондық форматта көрсетіледі). Мүгедектікті белгілеу, еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін айқындау және қажетті әлеуметтік қорғау шараларын анықтау бойынша 4949 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Сонымен қатар, МӘСҚ-нан 1,5 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша әлеуметтік төлемдерді алушыларға (жұмыс ітейтін әйелдерге) бюджеттік субсидиялар тағайындау туралы 3851 шешім қабылданды (2025ж. I т. – 4983).
Қайта қаралған зейнетақылар мен жәрдемақылар – 11 363 (2025ж. I т. – 8927).
Зейнетақымен қамсыздандыру заңнамасы бойынша 560 азамат қабылданды (2025ж. I т. – 465).
369 азаматтың жазбаша өтініштері қаралды ( 2025ж. I т. – 384).
Сонымен қатар, 2026 жылдың I тоқсанында Департамент мамандары 36 азаматтық іс және 5 әкімшілік іс бойынша сот процестеріне қатысты.
|
Мемлекеттік қызмет атауы |
Жаңа тағайындау |
Қайта қарастырылған істер |
Жалпы саны |
2025ж. I т |
|
1. Жасына байланысты зейнетақы тағайындау |
2821 |
1996 |
4817 |
4969 |
|
2. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау |
3161 |
1331 |
4492 |
4779 |
|
3. Мүгедектігі бойынша мемлекеттік жәрдемақы |
924 |
2739 |
3663 |
3639 |
|
4. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы тағайындау |
204 |
824 |
1028 |
940 |
|
5. №1 және №2 тізімдер бойынша арнайы жәрдемақы тағайындау |
0 |
0 |
0 |
0 |
|
6. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау |
245 |
372 |
617 |
609 |
|
7. Регрестік төлем тағайындау |
0 |
0 |
0 |
0 |
|
8. Баланың тууына және күтімі бойынша жәрдемақы тағайындау |
6300 |
29 |
6 329 |
5707 |
|
9. Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-анаға, қорғанышына жәрдемақы тағайындау |
481 |
1014 |
1495 |
1423 |
|
10. Жерлеуге біржолғы төлем тағайындау |
1024 |
0 |
1024 |
964 |
|
11. Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу |
4949 |
0 |
4949 |
4662 |
|
12. Мемлекеттік кепілдік төлем |
2390 |
0 |
2390 |
1464 |
|
13. Алтын алқа, Күміс алқа алқаларымен наградталған аналарға жәрдемақы тағайындау |
137 |
83 |
220 |
175 |
|
14. Көпбалалы отбасыға берілетін жәрдемақы тағайындау |
823 |
2792 |
3615 |
3403 |
|
15. Бірінші топ мүгедектегі бар тұлғаға күтім жасайтын тұлғаға берілетін жәрдемақы тағайындау |
196 |
181 |
377 |
316 |
|
16. Арнаулы кәсіптік жәрдемақы тағайындау |
42 |
0 |
42 |
51 |
|
17. Семей полигонынын зардап шеккендерге арналған біржолғы төлем тағайындау |
81 |
1 |
82 |
95 |
|
18. Саяси қуғын‑сүргін құрбандары берілетін біржолғы төлем тағайындау |
3 |
1 |
4 |
37 |
|
23 781 |
11 363 |
35 144 |
33 233 |
Төлем тағайындаудың негізгі үлесі зейнетақы төлемдеріне тиесілі – 9 309 мемлекеттік қызмет (көрсетілген мемлекеттік қызметтердің 26%).
Келесі саны бойынша көп мемлекеттік қызмет, балалары бар отбасыларға жәрдемақы тағайындау (1,5 жасқа дейінгі баланың күтіміне және тууына байланысты) 6329, бұл жалпы тағайындалған төлемдердің 18% құрайды.
Есепті кезеңде мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау 4691 қызмет алушыға жүргізілді (көрсетілген мемлекеттік қызметтердің 13%).
Сондай-ақ, 1-тоқсанда төрт және одан да көп баласы бар көпбалалы отбасыларға арналған және “Алтын алқа”, “Күміс алқа” алқаларымен марапатталған көпбалалы аналарға арналған 3835 жәрдемақы тағайындалды, немесе барлық көрсетілген мемлекеттік қызметтердің 10% құрады.
Сонымен бірге, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған отбасыларға және бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасайтын адамға арналған 1872 төлем тағайындалды (көрсетілген мемлекеттік қызметтердің 5%).
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-astana/press/news/details/1206154?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау