2026 жылдың 21-ші сәуір күні «AMANAT» партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында тоғызыншы шақырылған Шу аудандық мәслихаттың кезектен тыс XXXХХIV сессиясы өтті.
Сессия жұмысына аудан әкімі Б.Жәнібеков, аудан әкімінің орынбасары Н.Абдрашев, ауданның қоғамдық кеңесінің төрағасы Т.Әрістеев, аудан әкімдігінің бөлімдері мен қала, ауылдық округтер әкімдері қатысты.
Кезектен тыс сессияны мәслихат төрағасы Ж.Әбенов жүргізіп отырды.
Сессияның қарауына 7 мәселе қойылды.
Күн тәртібінде бірінші қаралған мәселе «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Шу аудандық мәслихаттың 2025 жылғы 22 желтоқсандағы №49-4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Бұл мәселе бойынша аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Д.Ахылбекова хабарлама жасады.
Мәселенің алдын ала тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында егжей – тегжейлі қаралып, талқылануына байланысты сессияда депутаттармен тиісті шешім қабылданды.
Екінші қаралған мәселе – «Шу ауданының 2026-2030 жылдарға арналған Даму жоспарын бекіту туралы» Шу аудандық мәслихаттың 2025 жылғы 22 желтоқсандағы №49-5 шешіміне толықтыру енгізу туралы. Бұл мәселе бойынша да депутаттар тиісті шешім қабылдады.
Сонымен қатар, осы сессияда аудан әкімдігі ұсынған комиссиялардың құрамдарына өзгерістер енгізілді.
Осымен IX шақырылған Шу аудандық мәслихаттың XXXХХIV кезектен тыс сессиясы өз жұмысын аяқтады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-shu/press/news/details/1205688?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау