Құрметті Ақмола облысы Ерейментау ауданы Ақмырза ауылдық округінің тұрғындары!
Ақмола облысының Ерейментау ауданы Ақмырза ауылдық округінің азаматтардың құқықтық сауаттылығын және мәдениетін арттыру мақсатында халықтың қолданыстағы және талқылаудағы нормативтік құқықтық актілерімен танысу үшін ақпараттық жүйеге қолжетімділігімен «құқық кабинеттері», «өзіне-өзі қызмет көрсетубұрыштары» қызмет атқарады.
«Құқық кабинеттері», «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» автоматтандырылған ақпараттық жүйелер мен ақпараттық ресурстарға, оның ішінде: «Әділет» ААЖ, НҚА эталондық бақылау банкі, «Заң» деректер базасы, «Ашық НҚА» порталы, «eGov»,«e-Өтініш», «ZANKomegi» және «Тараптар кабинеті» жүйелеріне қолжетімділік қамтамасыз етілген.
«Құқық кабинеттерінің» «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» халыққа құқықтық және ақпараттық-түсіндіру көмегін көрсету үшін қажетті жарамды компьютерлік және ұйымдастыру техникасымен жабдықталған.
Құрметті Ерейментау ауданы Ақмырза ауылдық округінің азаматтары құқықтық сұрақтар туындаған кезде Сіз Ақмырза ауылы Бейбітшілік көшесі 1, сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14-30-ға дейін мекенжайы бойынша көрсетілген құқықтық кабинетті қолдана аласыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-ereymen-akmyrza/press/news/details/1206032?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау