2026 жылғы 14 сәуірде Аягөз ауданында жасөспірімдер арасындағы радикализмнің алдын алу мақсатында «Кәмелетке толмағандар арасындағы нысаналы профилактика: ерте анықтау және іс-қимыл алгоритмі» тақырыбында практикалық-бағдарлы семинар өтті. Семинар «Абай облысы білім басқармасы «Өңірлік психологиялық қолдау әдістемелік орталығы»КММ-нің психолог әдіскерлері А. Байботанова, Т.Турганбаева және Абай облысының Дін мәселелерін зерттеу орталығының басшылығымен ұйымдастырылды.
Семинарға білім бөлімінің басшысы Н.Азимбаев, Оқу, ғылыми, ұйымдастырушылық, әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Ж.Маликова, әдістемелік кабинет әдіскерлері А.Амреева, Э.Калиханова, білім беру ұйымдарының директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтар, әлеуметтік педагогтер және сынып жетекшілер қатысты.
Семинар барысында жасөспірімдер арасында радикалдану белгілерін ерте анықтау, білім алушылардың мінез-құлқындағы алаңдататын көріністер, олардың деструктивті және радикалды ағымдарға тартылуының алдын алудың тиімді тәсілдері қарастырылды.
Сонымен қатар семинар қатысушыларына орталықтың әдістемелік ұсынымдары негізінде әзірленген ерекше назарды қажет ететін балаларды сүйемелдеу алгоритмі ұсынылды. Аталған алгоритм эмоционалдық, мінез-құлықтық және коммуникативтік қиындықтарды дер кезінде анықтауға, психологиялық-педагогикалық жұмыстың мақсаттарын нақтылауға, өзгерістерді жүйелі түрде бақылауға мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ayagoz-roo/press/news/details/1205782?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау