2026 жылдың 21 сәуірде облыс әкімінің орынбасары А. Өрісбаевтың төрағалығымен әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырысқа комиссия мүшелері, мемлекеттік органдардың өкілдері, жұмыс берушілер және әлеуметтік әріптестер қатысты.
Отырыс барысында өңір кәсіпорындарындағы әлеуметтік-еңбек ахуалы қаралып, еңбек жағдайларын жақсарту, жұмыскерлерді қысқарту, сондай-ақ жалақы бойынша берешекті өтеу мәселелері талқыланды.
Жиынға Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Б. Кемалов қатысты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-enbek/press/news/details/1206161?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау