23 сәуір – “Ұлттық кітап күніне” орай, Алмалы ауылдық кітапханасында “Кітап – алтын қазына” атты кітапханаға кітап сыйлау акциясы өткізілді. Шараның мақсаты жаңа түскен кітаптармен таныстыру, кітап қорын толықтыру және оқырмандарды кітап оқуға ынталандыру. Ауыл тұрғындары кітапханаға кітаптарын сыйға тартып кітапхана қорын толықтыруға өз үлестерін қосты. Сонымен қатар, шара барысында қатысушылар арасында мақал-мәтел айту, жұмбақ жасыру, ребус шешу ойындары мен шығармалардан үзінді оқу, мәнерлеп оқу сияқты конкурстар ұйымдастырылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-baishegir/press/news/details/1205947?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау