Маңғыстау облысының Әділет департаменті тарапынан «Заң мен тәртіп» қағидатын ақпараттық тұрғыда ілгерілету және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Маңғыстау облысының Әділет департаменті тарапынан «Заң мен тәртіп» қағидатын ақпараттық тұрғыда ілгерілету және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

 

Осы орайда, Маңғыстау облысы Әділет департаментінің басшысы А.Н.Каримовтың бастамасымен Жаңаөзен қаласы әкімдігінде кездесу өткізіліп, Қазақстан Республикасының жаңартылған Конституциясы туралы кеңінен талқылау жүргізілді.

 

Аталған шараға Жаңаөзен қаласының әкімі Ж.Қайнарбаев, қала прокуроры Н.Аманиязов, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Маңғыстау облысы бойынша өкілі А.Кужиев, аумақтық нотариаттық палатаның төрағасы С.Шегемов, Маңғыстау облысының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының төрағасы Қ.Савтаев, сондай-ақ Жаңаөзен аумақтық мәжбүрлеп орындату бөлімінің филиал басшысы, аға сот орындаушысы С.Есетова қатысты.

 

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларының маңыздылығы, сондай-ақ «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында жүзеге асырылып жатқан реформалардың мәні кеңінен талқыланды.

 

Құқықтық мемлекет – әр азаматтың заң алдындағы теңдігі мен құқықтарының қорғалуынан басталады. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-mng/press/news/details/1206405?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version