Аурудың республика аумағына әкелінуі мен таралуының алдын алу мақсатында халықаралық әуежайларда мемлекеттік шекарада санитариялық-карантиндік бақылау жүргізілуде. Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Астана қаласының санитариялық-карантиндік бақылау бөлімінің мамандары Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы базасында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі қызметкерлеріне семинар өткізді. «Марбург вирусы: клиникасы және алдын алу» тақырыбында өткен іс-шарада Марбург вирусы туралы ақпарат беріліп, оның таралу жолдары, негізгі белгілері және алдын алу шаралары түсіндірілді. Семинар барысында жеке гигиенаны сақтау және жеке қорғаныс құралдарын пайдалану сияқты профилактикалық шаралардың маңыздылығы ерекше атап өтілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1205543?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау