Маусымдық лагерьлердің қызметі лицензияланатын болады
Білім беру саласындағы лицензиялау мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілуде. Жақын арада жыл бойы жұмыс істейтін сауықтыру лагерьлерінің және маусымдық лагерьлердің қызметі лицензияланатын болады. Лицензия алу үшін маусымдық лагерь қауіпсіздіктің негізгі талаптарына, медициналық және санитарлық нормаларға сәйкес болуы тиіс.
Лицензиялау қызметі білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменттері арқылы жүзеге асырылады. Өтінімдер электрондық форматта eGov және eLicense порталдары арқылы қабылданады. Қызмет көрсету мерзімі – 30 күн, лицензияның қолданылу мерзімі – 5 жыл.
Осы мәселе бойынша Білім беру қызметін мемлекеттік бақылау және лицензиялау бөлімінің басшысы М.А. Панарина 2026 жылғы 20 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ж.Р. Жұмағұловтың төрағалығымен, аудан әкімдерінің, білім бөлімдерінің басшыларының және лагерь директорларының қатысуымен өткен жазғы демалысты ұйымдастыру жөніндегі облыстық штаб отырысында түсініктеме берді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-sko/press/news/details/1205414?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау