«Мемлекеттік органдардың, БАҚ және тексеруші органдардың қызметкерлері болып жалған таныстыратын тұлғалардан қорғану тәртібі»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Мемлекеттік органдардың, БАҚ және тексеруші органдардың қызметкерлері болып жалған таныстыратын тұлғалардан қорғану тәртібі»

  1. Мәселенің өзектілігі

Соңғы уақытта өзін:

  • мемлекеттік орган қызметкері,
  • құқық қорғау органдарының өкілі,
  • журналист немесе БАҚ қызметкері,
  • тексеруші органның инспекторы ретінде жалған таныстыратын тұлғалар саны артты.

Мұндай әрекеттер алаяқтық және заңсыз тексеру болып табылуы мүмкін.

  1. Заңнамалық негіз

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес:

  • Қазақстан Республикасының Конституциясы

Әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтары қорғауда болады

  • «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» ҚР Заңы

Журналист қызметтік куәлігін көрсетуге міндетті

  • «Мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» ҚР Заңы

Тексерулер тек ресми рәсімделген акт (нұсқама, жолдама) негізінде жүргізіледі

  • «Құқық қорғау қызметі туралы» ҚР Заңы

Қызметкерлер қызметтік куәлігін көрсетуге міндетті

  1. Азаматтар нені талап етуі тиіс

Егер сізге тексеруші, журналист немесе мемлекеттік қызметкер ретінде біреу келсе:

Міндетті түрде талап етіңіз:

  1. Қызметтік куәлік
  2. Тексеруді тағайындау туралы ресми құжат (жолдама)
  3. Ұйымның нақты атауы және байланыс деректері

Құжаттарды көрсетуден бас тарту — заңсыз әрекеттердің белгісі.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-shymkent/press/news/details/1205298?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version