Мемлекеттік қазынашылық комитетінің қызметкерлері діни экстремизмнің алдын алу және ҚР заңнамасын сақтау мәселелеріне арналған түсіндіру семинарына қатысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Мемлекеттік қазынашылық комитетінің қызметкерлері діни экстремизмнің алдын алу және Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау мәселелеріне арналған түсіндіру семинарына қатысты.

Семинар спикерлері ретінде:
— Калабаева Миргуль — ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын үйлестіру басқармасының бас сарапшысы;
— Берикбаев Елнар — ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының Стратегиялық талдау бөлімінің басшысы сөз сөйледі.

Кездесу барысында спикерлер мемлекеттік қызметшілердің құқықтық және діни сауаттылығын арттыруға бағытталған дәріс оқыды.

Атап айтқанда, экстремистік идеологияларға қарсы іс-қимыл, деструктивті діни ағымдарға тартылу тәуекелдері, сондай-ақ мұндай қауіптерге қарсы тұрақты иммунитет қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабының нормалары жан-жақты түсіндіріліп, әлеуметтік, ұлттық және діни алауыздықты қоздыруға жол бермеу талаптары айтылды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazyna/press/news/details/1205943?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version