«Прокурордың жас көмекшілері» арасында құқықтық сауаттылықты арттыру

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жамбыл ауданының прокуратурасы «Бақытты және қауіпсіз балалық шақ» жобасы аясында «Прокурордың жас көмекшілері» клубының қатысушыларымен буллинг, кибербуллингке қарсы іс-шара ұйымдастырды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, буллингтің алдын алу және заңға құрмет қалыптастыру.

Кездесу барысында қатысушыларға буллингтің зияны, оның құқықтық салдары, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері түсіндірілді. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, тақырып аясында пікір алмасты.

Белсенді қатысқан оқушыларға сыйлықтар табысталып, үздік қатысушылар арнайы марапатталып, «Прокурордың жас көмекшілері» клубына ерік білдірген жаңа мүшелер қабылданды.

Прокуратура органдары жас ұрпақтың қауіпсіздігі мен құқықтық тәрбиесін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырады.

 

#Заң_мен_тәртіп

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-almaty-obl/press/news/details/1205637?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version