Қалалық мәслихат депутаттарының Пришахтинск және ЖБИ тұрғындарымен кездесуі өтті.
Кездесу ашық диалог форматында өтіп, тұрғындардың өзекті мәселелерін жедел әрі нүктелік шешуге бағытталды. Кездесуге Әлихан Бөкейхан атындағы аудан әкімі Кулекеев Д.Б., мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ халыққа қызмет көрсететін ұйымдар мен кәсіпорындар қатысты.
Кездесу барысында тұрғындар тарапынан тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, абаттандыру және әлеуметтік инфрақұрылым мәселелері көтерілді. Барлық өтініштер бойынша түсіндірмелер беріліп, шешу жолдары айқындалды.
Барлық көтерілген мәселелер жұмысқа алынып, бақылауға қойылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karagandy/press/news/details/1206145?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау