Қаланың Шанхай ауданында жолдарды жөндеу басталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтөбенің көне аудандарының бірі – Шанхайдың Чернышевский және О.Кошевой көшелерінде жол жөндеу жұмыстары басталды. Бүгін қала әкімі Азамат Бекетке мердігерлер екі көшеде қатар жүріп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

«Қазір екі көшенің ескі асфальт жабындысын фрезерлеуді аяқтап қалдық. Бұл көшелерде су жиналатын батпақты учаскелер бар. Ол жерлерді қиыршық тас төсеп, астыңғы жол қабатын бекітіп жатырмыз. Сондай-ақ көше бойында құдықтар өте көп. Оларды асфальт жабындысының үстіңгі қабатының деңгейіне көтереміз. Сейсенбі күні О.Кошевой көшесі жолының бірінші қабатына ірі түйіршікті асфальт-бетон жамылғысын төсеп бастаймыз. Одан кейін Чернышевский көшесіне көшеміз», – деді мердігер ұйым өкілі Жақсылық Өтебаев.

Кошевой көшесінің ұзындығы – 1356 метр, ал Чернышевский көшесі – 1734 метр. Қала әкімі екі көшенің де жұмыстарын уақыт созбай аяқтау керек деп ескертті.

«Бұл көшелермен автобус жүреді, жолдары өте нашар болды. Жөнделуін тұрғындар көптен күтіп келеді. Сондықтан жұмыс сапасы мен тапсырылу мерзімін талапқа сай сақтаңыздар», – деді Азамат Бекет.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-akt/press/news/details/1205373?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version