Қарақия ауданында ауыл кәсіпкерлігін дамытуға бағытталған маңызды іс-шара өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

21 сәуір күні Қарақия ауданының орталығы Құрық ауылында «Бір ауыл-бір өнім» атты ауқымды көрме ұйымдастырылды. Аталған шараға ауданға қарасты 18 ауыл тұрғындары қатысып, өздерінің табиғи әрі бірегей өнімдерін көпшілік назарына ұсынды.

«Бір ауыл-бір өнім» жобасы-ауыл кәсіпкерлігін жүйелі түрде дамытуды, жергілікті өнімдердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруды көздейтін маңызды бастама. Жоба аясында әрбір елді мекен өзінің ерекшелігін айқындап, ұлттық нақыштағы, экологиялық таза өнімдерін кеңінен таныстыруға мүмкіндік алады.

Көрмеде ұсынылған өнім түрлері де сан алуан болды. Атап айтқанда, ұлттық тәттілер, түрлі ірімшік пен сүт өнімдері, балық өнімдері, қолөнер бұйымдары, киіз үйлер, табиғи жүннен жасалған қолөнер бұйымдары, авторлық картиналар мен ұлттық киімдер көпшілік назарына ұсынылды. Әрбір өнім өзінің сапасымен, табиғилығымен және ұлттық нақышымен ерекшеленді.

Салтанатты түрде ашылған шара барысында қатысушылар өз өнімдерін жан-жақты таныстырып, олардың жасалу ерекшеліктері мен артықшылықтарын баяндады. Көрмеге келген қонақтар жергілікті кәсіпкерлердің еңбегіне жоғары баға беріп, өнімдердің нарықтағы әлеуетіне қызығушылық танытты.

Іс-шара аясында кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдар өкілдері арасында ашық диалог алаңы ұйымдастырылды. Кәсіпкерлер өзекті мәселелерін ортаға салып, ұсыныстарын білдірді. Сұрақ-жауап форматында өткен кездесуде нақты мәселелер талқыланып, олардың шешу жолдары қарастырылды.

Көрме қорытындысында аудан әкімінің атынан қатысушы кәсіпкерлерге алғыс хаттар табысталып, олардың еңбегі мен бастамаларына қолдау көрсетілді.

Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/1205990?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version