Ағымдағы жылдың 21 сәуір күні Мемлекеттік еңбек инспекторы «Қауіпсіз еңбек» кезекті профилактикалық іс-шара аясында «Стекло-Сервис» ЖШС өндірістік ұйымында жазатайым оқиғалардың алдын алу және Қазақстан Республикасы заңнамасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында кәсіпорынның жұмыскерлері мен жауапты тұлғаларына қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бөлігінде Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің негізгі ережелері жан-жақты түсіндірілді. Ерекше назар жұмыс берушінің қауіпсіз өндірістік ортаны қалыптастыру, нұсқамалар жүргізу, жұмыскерлерді жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз ету, сондай-ақ еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту мен білімін тексеруді ұйымдастыру жөніндегі міндеттеріне аударылды.
Профилактикалық іс-шара қорытындысы бойынша жұмыскерлерге еңбекті қорғау талаптарын сақтау, өндірістік жарақаттанудың алдын алу және жұмыс орындарында қауіпсіз еңбек мәдениетін қалыптастыру бойынша практикалық ұсынымдар берілді.
Осындай профилактикалық іс-шараларды өткізу өндірістік жарақаттану деңгейін төмендетуге және кәсіпорында еңбек тәртібін нығайтуға ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-enbek/press/news/details/1205550?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау