Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әрбір жұмыс беруші өз қызметкерлерін еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде болатын жазатайым оқиғалардан міндетті түрде сақтандыруды қамтамасыз етуге міндетті.
Аталған сақтандыру түрі «Қызметкерді еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі және қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянға байланысты мүліктік мүдделерін қорғауға бағытталған.
Міндетті сақтандыруға жататын тұлғалар
Міндетті сақтандыруға жұмыс берушімен еңбек қатынасында тұрған барлық қызметкерлер жатады. Ұйымның меншік нысаны мен қызмет түріне қарамастан сақтандыру міндетті болып табылады.
Жұмыс берушінің міндеттері
Жұмыс беруші:
сақтандыру ұйымымен міндетті сақтандыру шартын жасасуға;
сақтандыру сыйлықақыларын уақтылы төлеуді қамтамасыз етуге;
қызметкерлерді сақтандырудың бар екендігі туралы хабардар етуге;
жазатайым оқиға орын алған жағдайда дереу шаралар қабылдап, белгіленген тәртіппен тергеу жүргізуге міндетті.
Сақтандыру жағдайлары
Сақтандыру жағдайларына мыналар жатады:
еңбек міндеттерін орындау кезінде алынған жарақаттар;
кәсіптік аурулар;
еңбекке қабілеттіліктен айырылу;
қызметкердің қайтыс болуы.
Сақтандыру төлемдері
Сақтандыру жағдайы орын алған кезде келесі төлемдер қарастырылған:
еңбекке қабілеттіліктен айырылған жағдайда төлемдер;
денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу;
қызметкер қайтыс болған жағдайда өтемақы төлемдері;
емделу және оңалту шығындарын өтеу.
Заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік
Міндетті сақтандыру шартын жасаспаған жағдайда бұл Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу болып табылады және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 230-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-enbek/press/news/details/1205425?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау