Қазақстандағы мемлекеттік қызмет: миссиясы мен құндылықтары

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстандағы мемлекеттік қызмет: миссиясы мен құндылықтары

Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызмет қоғамның дамуы мен мемлекетті нығайтуда маңызды рөл атқарады. Оның негізгі миссиясы — халыққа қызмет ету, әділдік пен заңдылықты қамтамасыз ету және азаматтардың өмір сапасын арттыру.

Мемлекеттік қызметтің негізгі құндылықтарына кәсібилік, адалдық, жауапкершілік және ашықтық жатады. Мемлекеттік қызметшілер қоғам мүддесі үшін әрекет етіп, этикалық нормаларды сақтап, өз білімдері мен дағдыларын үнемі жетілдіріп отыруы тиіс.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін арттыруға ерекше көңіл бөлінеді. Осы тақырыпта мектептерде сабақ өткізу жастардың мемлекеттік қызметтің маңызын түсінуіне және азаматтық жауапкершілігін дамытуға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kostanai-zhdanov/press/news/details/1206219?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version