Құрманғазы ауданының жаңа өңірлік нышанына арналған конкурс қайта жарияланады

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Құрманғазы ауданының жаңа өңірлік нышанына арналған конкурс қайта жарияланады
 
Құрметті аудан тұрғындары!
 
Құрманғазы ауданының жаңа өңірлік нышанына әзірлеуге арналған ашық конкурсқа қатысқан барша үміткерлерге алғысымызды білдіреміз.
 
Ұсынылған жұмыстарды жан-жақты қарастыру нәтижесінде, өкінішке қарай, конкурс талаптарына толық сәйкес келетін және ауданның тарихи-мәдени болмысын, заманауи келбетін айқын бейнелейтін үздік жоба анықталмады.
 
Осыған байланысты Құрманғазы ауданының жаңа өңірлік нышанына арналған конкурс қайта жарияланатынын хабарлаймыз.
 
Біздің мақсатымыз – ауданымыздың рухын, тарихын, табиғатын және даму бағытын үйлесімді түрде көрсете алатын бірегей әрі заманауи өңірлік нышан таңдау. Сондықтан барша шығармашыл азаматтарды, дизайнерлер мен суретшілерді қайта байқауға белсенді қатысуға шақырамыз.
 
📅 Қайта конкурс мерзімі: 21 сәуір – 1 мамыр 2026 жыл;
📩 Жұмыстарды қабылдау: Kurm_ovp@mail.ru;
🎁 Жеңімпаздар: Алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталады
 
Құрманғазы ауданы – ұлы мұра мен жарқын болашақтың тоғысқан мекені.
Оның лайықты символын бірге жасайық!
 
Атырау облысы Құрманғазы ауданының өңірлік нышанын әзірлеу туралы конкурс жариялау ережесі
 
 
 
1-бөлім. Жалпы ережелер
 
Осы Ереже «Өңірлік нышан жобасын әзірлеу қағидаларына» (Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 30 қазандағы №503-НҚ бұйрығы) және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңның 27-бабының 1-тармағы 1-17) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Ереже Құрманғазы ауданының өңірлік нышанын (эмблема, белгі) әзірлеу бойынша ашық конкурс өткізудің тәртібін, талаптарын және кезеңдерін айқындайды.
 Конкурстың мақсаты – Құрманғазы ауданының тарихи, мәдени, табиғи және әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерін бейнелейтін өңірлік нышанның үздік жобасын анықтау.
Конкурсты ұйымдастырушы – Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі (бұдан әрі – Ұйымдастырушы).
Конкурсқа Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ авторлық топтар қатыса алады.
 
2-бөлім. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу тәртібі
 
Конкурс ашық түрде өткізіледі және келесі кезеңдерден тұрады:
1) Конкурс туралы хабарландыруды аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсында және әлеуметтік желілерде орналастыру;
         2)Өтінімдерді қабылдау;
         3) Ұйымдастырушының жобаларды бастапқы техникалық және мазмұндық талаптарға сәйкестігін қарауы;
         4) Қоғамдық онлайн және офлайн талқылаулар өткізу;
         5) Сараптамалық комиссияның бағалауы;     
6) Үздік жобаны аудандық мәслихаттың шешімімен бекіту.
Хабарландыру конкурс басталғанға дейін кемінде 3 ай бұрын жарияланады.
8. Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер қазақ және орыс тілдерінде келесі құжаттарды тапсырады:
– өтінім (еркін нысанда);
– нышан жобасының графикалық үлгісі (2D/3D форматта);
– түсіндірме жазба (нышанның мағынасы мен элементтерінің сипаттамасы);
– қатысушы туралы мәлімет (аты-жөні, байланыс деректері).
 
         9. Жоба Құрманғазы ауданының табиғи байлықтарын, тарихын, мәдени мұрасын және заманауи даму бағытын бейнелеуі тиіс. Нышанда мемлекеттік рәміздер, діни және рулық белгілер, сондай-ақ басқа ұйымдардың логотиптері пайдаланылмауы керек.
3-бөлім. Бағалау және іріктеу тәртібі
 
Жобаларды бағалау үшін аудан әкімінің өкімімен Сараптамалық комиссия құрылады. Оның құрамына мәдениет, тарих, дизайн, тіл және қоғам өкілдері кіреді.
Комиссия бағалау кезінде келесі өлшемдерді басшылыққа алады:
– идеяның өзіндік ерекшелігі мен көркемдік шешімі;
         – нышанның мағыналық мазмұны және аймақтық сәйкестігі;
         – орындалу сапасы мен техникалық талаптарға сәйкестігі;
         – қолдануға ыңғайлылығы (цифрлық, баспа, визуалды форматтарда).
 
Ең жоғары балл жинаған 3 жоба көпшілік дауысқа салынып, қоғамдық талқылауға шығарылады (ауданның ресми сайты және әлеуметтік желілер арқылы).
13. Қоғамдық талқылаулардың нәтижесі хаттамамен рәсімделеді және комиссия қарауына ұсынылады.
Сараптамалық комиссияның қорытындысы негізінде үздік деп танылған жоба аудандық мәслихаттың шешімімен бекітіледі.
4-бөлім. Қорытынды ережелер
 
Жеңімпазға аудан әкімінің атынан алғыс хат және ақшалай сыйақы (немесе естелік сыйлық) табысталады.
Жеңімпаз жобаның авторлық құқығын сақтай отырып, нышанды Құрманғазы ауданының ресми рәмізі ретінде пайдалануға рұқсат береді.
Конкурс нәтижелері аудан әкімдігінің ресми сайтында және жергілікті БАҚ-та жарияланады.
 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-kurmangazy/press/news/details/1205465?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version