Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 1, 7 және 9 мамыр мерекелеріне байланысты Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде жеке тұлғаларды, көлік құралдарын және жүктерді өткізу жүзеге асырылмайтынын хабарлайды.
Қазақстан-қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.
Тасымалдаушылардан және барлық шекараны кесіп өтуге ниет білдірушілерді енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1205817?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау