ШҚО-да ІІМ Кубогына арналған хоккей турнирі: Күзет қызметін бақылау комитетінің командасы қатысуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шығыс Қазақстан облысында шайбалы хоккейден Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің Кубогына арналған республикалық турнир өз бастауын алды. Ауқымды спорттық додаға еліміздің әр өңірінен келген ведомстволық командалармен қатар, ҚР ІІМ Күзет қызметін бақылау комитетінің құрамасы да қатысуда.

Аталған турнир қызметтік-қолданбалы спортты дамытуға, полиция қызметкерлерінің дене даярлығын арттыруға және командалық бірлікті нығайтуға бағытталған.

Жарыстың ашылу рәсімі Борис Александров атындағы Спорт сарайында өтіп, алғашқы кездесулер басталды. Турнир барысында қатысушылар үздік атағы үшін тартысты ойын өрнегін көрсетеді деп күтілуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kkod-mvd/press/news/details/1206477?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version