Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен аппараттық кеңес өтіп, онда телекоммуникация инфрақұрылымын дамыту және балаларға арналған қосымша білім беруді ұйымдастыру мәселелері қаралды. Білім басқармасының басшысы Қуаныш Ысқақов Шымкентте 273 мың оқушының 115 мыңы (42%) қосымша біліммен қамтылғанын, сабақтар 646 үйірмеде өтетінін баяндады.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Білім басқармасының басшысы Қуаныш Ысқақов Шымкентте 273 мың оқушының 115 мыңы (42%) қосымша біліммен қамтылғанын, сабақтар 646 үйірмеде өтетінін баяндады.

2025 жылғы 1 шілдеден бастап қалада ваучерлік қаржыландыру негізінде бірыңғай мемлекеттік тапсырыстың пилоттық жобасы іске асырылуда. Бұл жүйе ашықтықты арттырып, ата-аналарға үйірмелерді еркін таңдауға мүмкіндік берді. Жоба аясында 28 мың бала қосымша біліммен қамтылды.

   Сонымен қатар, сабаққа қатыспаған немесе қайтадан тіркелген 16 мыңнан астам бала жүйеден шығарылып, нәтижесінде 2 млрд теңгеге жуық қаржы үнемделді.

     Қамтуды кеңейту мақсатында 84 мектепте үйірмелер мен секцияларды жүргізу үшін педагогтарды қосымша қаржыландыру мүмкіндігі қарастырылуда. Бұл шамамен 50 мың баланы қамтып, жалпы көрсеткішті 60%-дан жоғары деңгейге жеткізуге мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-bilim/press/news/details/1205540?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version