Аманкелді ауылдық округі әкімі Зейнұр Жаманқұловтың 2026 жылғы 22 сәуірдегі № 63 өкімімен Аманжолова Күлзакира Жәпішқызы «Аманкелді ауылдық мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директоры қызметіне конкурстық комиссия шешімімен тағайындалды.
Аманжолова Кулзакира Жапішқызы 1967 жылы 24 наурызда Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Тартоғай ауылында дүниеге келген.
Білімі жоғары
1984-1986 жылдары Жезқазған мәдени-ағарту училищесінде «Көркемөнер хор коллективінің жетекшісі» және 2019-2021 жылдары Қызылорда қаласындағы «Болашақ» университетінде «Хореография» мамандығы бойынша білім алған.
Еңбек жолын 1987-1993 жылдары бастап Тартоғай ауылдық клубының меңгерушісі,
1994-2014 жылдары Аманкелді ауылдық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі,
2014 жылдан бастап осы күнге дейін ауылдық мәдениет үйінің әдіскері лауазымын, сонымен қатар мәдениет үйі жанындағы ән, хор үйірмелері мен «Жадыра» халықтық әжелер ансамбліне жетекшісі болып қызмет атқарып келді.
Қ.Р. Мәдениет саласының үздігі төсбелгісінің иегері.
Отбасылы 2 ұл, 2 қыз, 4 немеренің әжесі.
Қызметіңізге сәттілік тілейміз!
Аманкелді а/о әкімдігі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya-amangeldi/press/news/details/1206216?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау