Талас аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен 23 сәуір – Кітапханашылар күні мен Ұлттық кітап күніне орай «Кітап – рухани қазына, кітапханашы – руханият шырақшысы» атты тағылымы мол мерекелік кеш жоғары деңгейде өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Рухани кешке арнайы шақырылған құрметті қонақтар – аудандық билер кеңесінің төрағасы Сәулембай Әбсадықұлы, аудандық кеңестің төрағасы Жұмабек Әсемов, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Қамысбай Сауқымов, сондай-ақ кітапхана саласының дамуына сүбелі үлес қосқан ардагерлер Қалдыкүл Тауанбекова мен Забира Жұмасаева қатысып, жылы лебіздері мен жүрекжарды құттықтауларын жеткізді.
Кеш шымылдығы көпшіліктің көңілінен шыққан «Кітаптар сөйледі» атты әсерлі көрініспен түріліп, одан әрі «Атамекен», «Қазағым», «Мерекем», «Кітапханашы» әндерімен жалғасын тапты. Тұрақты оқырмандар сахна төрінде поэзиялық жырларын оқып, кітапқа деген сүйіспеншіліктерін шынайы сезіммен жеткізді.
Мазмұны терең, тағылымы мол кеш соңында Талас аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Шынар Шенгелбайқызы Жұмабекова сала қызметкерлері мен белсенді оқырмандарды марапаттап, олардың еңбегіне жоғары бағасын берді.
Бұл мерекелік кеш – кітап пен кітапхананың қоғамдағы маңызын айшықтап, руханият шамын сөндірмей келе жатқан кітапханашылар еңбегін дәріптеген жарқын әрі әсерлі шара болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-talas/press/news/details/1205953?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version