2026 жылғы 18 сәуірде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Көшпенділер» экопарк қалашығында «Алматы облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері, сондай-ақ «Алматы облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының қамтамасыз ету қызметі» КММ ұжымы белсенді қатысты. Іс-шара барысында қатысушылар көшет отырғызып, аумақты қоқыстан тазарту жұмыстарын жүргізді. Табиғатты қорғауға бағытталған бұл бастама қоршаған ортаны жақсартуға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға өз үлесін қосты. Осындай игі шаралар тұрғындарды табиғатты аялауға шақырып, өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-mob/press/news/details/1206299?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау