Текелі қаласында республикалық мереке — Ұлттық кітап күні аясында қалалық кітапхананың ұйымдастыруымен «Оқы. Ойлан. Бөліс» атты кітап импульсі өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Іс-шара барысында кітап оқуды насихаттауға бағытталған тренд акция ұйымдастырылып, сондай-ақ «Tekeli jastary» филиалы «Book-сыйла» библио-хабы аясында қалалық кітапхана қорына 200-ге жуық кітап сыйға табыстады.

Сонымен қатар «Әлемді кітаппен аш» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандарға жаңа әдебиеттермен танысуға мүмкіндік берді.

Шараға қала мектептерінің 250 оқушысы бір мезетте қолдарына кітап ұстап, «Ұлттық кітап күні» деген жазу құрастырды.

Бұл ерекше көрініс дрон арқылы әуеден түсіріліп, білім мен руханияттың әсем үйлесімін көрсетті.

Кітап – ұлттың қазынасы, ал оқитын ұрпақ – жарқын болашақтың кепілі!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-tekeli/press/news/details/1206351?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version